Өскеменде жер сілкінісінен 15 минут өткен соң ғана сиреналар қосылды

0
198

Куәгерлердің айтуынша, дүмпулерден кейін қала көшелері бірден босап қалған.


Өскеменде жер сілкінісінен 15 минут өткен соң ғана сиреналар қосылды

ERNUR.KZ. 23 шілде күні сағат 15:37-де Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Қалбатау маңында, Өскеменнен шамамен 76 шақырым қашықтықта орналасқан. Жерасты дүмпулері Өскеменнің өзінде де, кейбір деректерге қарағанда, Семейде де сезілген, деп жазады baq.kz.

Оқиға кезінде Өскеменде болған BAQ.KZ журналисі ғимараттың қатты теңселгенін растады. Алайда, соған қарамастан, дабыл жүйесі мен сиреналар дүмпулерден тек 15 минут өткен соң ғана іске қосылған.

Жарияланған сәтте Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісінің салдарына қатысты ресми ақпарат бермеген.

Осы уақытта Android құрылғыларын пайдаланушыларға автоматты түрде мынадай хабарлама келген:

Магнитуда – 5.1. Сізден 76,3 км жерде. 23 шілде, 15:37. Дереккөзі – Android. Эпицентр – Қалбатау.

Куәгерлердің айтуынша, дүмпулерден кейін қала көшелері бірден босап қалған. Ал жедел әрекет ету қызметтері дабыл жүйесінің кеш іске қосылғанына қатысты әзірге түсініктеме бермеді.