Өскеменде жоғалып кеткен 17 жастағы жігіттің денесі табылды

0
431

Алдын ала дерек бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған


Өскеменде жоғалып кеткен 17 жастағы жігіттің денесі табылды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында кешелі бері із-түссіз жоғалған 17 жастағы бозбаланың денесі табылды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Департаменттің мәліметінше, 13 желтоқсан күні полицияға хабарласқан әйел адам ұлының жоғалып кеткенін айтқан.

«Сол күні ол түскі уақытта үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмады. Іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған», - делінген ақпаратта.

Бүгін сағат 14.00 шамасында бозбаланың денесі табылды. Алдын ала дерек бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

«Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр. Өзге ақпаратты жария етуге тыйым салынған», - делінген хабарламада.