Қыздың денесіндегі жарақаттардың сипатына қарағанда, балаға жануар шабуыл жасаған.
ERNUR.KZ. Еріктілер мен жануарлар құқығын қорғаушылар Өскеменде иттер талап тастады деген алты жасар қыздың өліміне қатысты мән-жайды айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Еске салайық, 2021 жылы 17 желтоқсанда "Красинец" серіктестігінің аумағында жантүршігерлік оқиға болып, сол жерде кішкентай қыздың денесі табылған еді. Қыздың денесіндегі жарақаттардың сипатына қарағанда, балаға жануар шабуыл жасаған.
Орлов отбасы, марқұм қыздың ата-анасы, бірнеше нұсқаны алға тартты: шабуылды қасқыр, бұралқы иттер немесе маңайдағы алабай иттері жасаған.
Полиция қызметкерлері Орлов отбасы иттерінің оқиғаға қатысы бар-жоғын тексерді, бірақ сараптама нәтижелері жарияланбады.
Ал жануарлар құқығын қорғаушылар қызға бұралқы иттер емес, иесі бар жануар шабуылдағанына сенімді.
"Мұны көршілері ұстайтын алабай жасады деп есептейміз. Сол күні ит қарғыбауды үзіп алғаны белгілі болды. Ал Орлов отбасының итін көріп, жүгіріп кеткен. Ит қашып кетті, ал алабай қызды талап тастаған", - деді "Дворянин" қорының жетекшісі Лариса Прокопьева.
Жануарлар құқығын қорғаушылар мен жануарларға көмектесетін басқа еріктілер бұл нұсқаны бірауыздан қолдады.
"Қызға бұралқы емес, асыл тұқымды ит шабуыл жасаған, оның иесі қарапайым адам емес, сондықтан ол, былайша айтқанда, істі жауып тастаған. Біздің қалада баланы бұралқы иттер тістеп алды деген дерек болған жоқ", - деді жануарларды қорғау қауымдастығының волонтеры.
Басылым мәліметінше, полиция қызметкерлері қыздың өліміне қатысты тергеу нәтижесін әлі ұсынбаған.