Өскемендегі бақылау бекеттерінде ұзынсонар кептеліс пайда болды (видео)

0
682

​Өскеменге келген жүргізушілер қалаға кіру үшін бірнеше сағат бойы сарылып кезек күтуге мәжбүр болуда.


Өскемендегі бақылау бекеттерінде ұзынсонар кептеліс пайда болды (видео)

ERNUR.KZ. Өскемен мен оның айналасындағы ауыл тұрғындары эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты облыс орталығына кіреберістегі бақылау бекетінде пайда болған кептелістерге шағымдануда. Өйткені, олар бекет маңында бірнеше сағат бойы сарылып кезек күтуге мәжбүр, деп жазады sputniknews.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қаланың айналасында орналасқан барлық жеті бақылау бекетте кептеліс болғанын растады.



Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл жағдай үлкен көлік ағыны мен өтіп жатқан барлық машиналарды мұқият тексеру нәтижесінде туындап отыр.

"Біз жүргізушілерден түсіністікпен қарауды сұраймыз. Қазір үлкен кептеліс пайда болды. Ештеңе өзгерген жоқ. Бас санитар дәрігердің бұйрығына сәйкес жұмыс жүргізілуде. Бақылау бекеттері осылайша қатаң талапты орындап отыр. Яғни, әрбір көлік нөмірі планшетке енгізілуде. Ал бір көлікке екі-үш минут жұмсалады", – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.

Айта кетейік, Өскемен қаласының айналасы мен Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы бақылау бекеттері 1 қарашада орнатылды.

Мұндай шаралар бірнеше күн бойы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша облыстар арасында ШҚО-ның алдыңғы орынға шығуына байланысты қабылданды. Бүгінде аталған облыс республика бойынша күн сайын коронавирус диагнозы қойылған пациенттердің үштен жартысына тең келеді.