Өскемендегі жылу магистралі қалпына келтіріліп, үйлерге жылу берілді

0
994

Қазіргі уақытта “Шығыс жылу” АҚ мамандары ақау болған жерді қалпына келтірді.


Өскемендегі жылу магистралі қалпына келтіріліп, үйлерге жылу берілді

ERNUR.KZ. Өскемен қаласындағы Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы жылу магистралі қалпына келтіріліп, үйлерге жылу берілді, деп жазады kaz.inform.kz.


Кешелі бері қаладағы Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы жылу магистралінде құбыр жарылып, үйлер жылусыз қалған.

Қазіргі уақытта “Шығыс жылу” АҚ мамандары ақау болған жерді қалпына келтірді.


“Ақау себебі анықталған соң жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді. Жылу магистралі құбырлары қанағаттанарлық жағдайда. Пайдалану мерзімі – 10 жыл. Қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары толық аяқталды. Барлық үйлер мен нысандарға жылу берілді”, - деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.