Өскемендік мектеп оқушылары ауа сапасының нашарлауына байланысты қашықтан оқиды

0
94


Өскемендік мектеп оқушылары ауа сапасының нашарлауына байланысты қашықтан оқиды

pexels

ERNUR.KZ. Өскеменде ауа сапасының нашарлауына байланысты оқушылар қашықтан оқиды, деп жазады Ulysmedia.kz.

YK-news.kz жазуынша, 2026 жылғы 16 ақпанда қаладағы барлық мектеп оқушысы үйден оқитын болды.
“ Ертең 0-11-сынып оқушыларының екі ауысымы да үйден оқиды. Мұндай шешім екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты қабылданды “, – делінген хабарламада.


15 ақпанда Астана, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.