Олардың үлкен ұлы 13 жасынан бері арақ ішеді.
ERNUR.KZ. Өскемендегі Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Расул Абаев кезекті рейдінде тағы бір «маугли» балаларды құтқарды, деп жазады Zakon.kz.
Yk-news.kz-тің мәліметінше, Өскеменде ішімдікке салынған ерлі-зайыпты үш баласымен қала сыртындағы шағын саяжайда тұрады. Олардың үлкен ұлы да 13 жасынан бері арақ ішеді. Даниил (есімі өзгертілді) бірнеше рет үйінен кетіп қалған. Жақында инспекторлар осы отбасының кіші екі сіңлісін үйден алып кетті.
Себебі Даниил араққа тойып алған күні 3 және 7 жасар сіңлілерін ұрып-соққан. Салдарынан қыздардың бірінің бас сүйек-миы зақымданған. Осындай жағдайдан соң инспектор екі кішкентай қызды көтеріп, алып кетті.
Сау кездегі Даниил мен мас Даниил – екі бөлек адам. Ол мас кезде өте агрессивті. Бақылау мүмкін емес. Сондай сәтте бар ашуын сіңлілерінен алады. Үйге келсем, бәрі лас, шашылып жатыр. Балалар көрінбейді. Сөйтсем олар көрпенің астында бүрісіп жатыр екен. Екеуі әбден таяқ жеген. Көтеріп алып кеттім, - дейді инспектор.
Кейіннен Yk-news.kz журналисі Даниилдің отбасына барғанда ол істеген ісіне өкінетінін, сіңлілерімен араласқысы келетінін айтқан. Даниил бұрын сотталған. Өзінің айтуынша, қазір дәнекерлеуші болып жұмыс істейді.
"Даниил Қазақстанның тәуелсіздігіне орай рақымшылықпен босатылған", - дейді Инспектор Расул Абаев
Даниилдың 3 жасар сіңлісі сөйлей алмайды, тамақ іше алмайды. Себебі оларға бұған дейін ешкім қарамаған.
Наурызда осы отбасыға қатысты ата-ана құқығынан айыру бойынша сот процесі өтеді. «Маугли» балалардың тағдыры сол кезде шешіледі.