​Отандық өндірушіні қолдау: мұнай-газ жобаларында жергілікті қамту үлесі артуда

0
158

Қарашығанақ жобасы шеңберіндегі реттелетін сатып алуларға қазақстандық тауар өндірушілерді тартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі – Өнімді бөлу туралы келісімнің Тендерлік рәсімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың күшіне енуі болды.


​Отандық өндірушіні қолдау: мұнай-газ жобаларында жергілікті қамту үлесі артуда

ERNUR.KZ. ҚР Энергетика министрлігі Уәкілетті органмен бірлесіп, Ішкі елдік құндылықты дамыту және ірі мұнай-газ жобаларында отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары бойынша Өнімді бөлу туралы келісімдердегі Операторлар жүзеге асырып жатқан жобалар аясында реттелетін сатып алуларда тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Қарашығанақ жобасы шеңберіндегі реттелетін сатып алуларға қазақстандық тауар өндірушілерді тартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі – Өнімді бөлу туралы келісімнің Тендерлік рәсімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың күшіне енуі болды.

Аталған өзгерістер Оператордың қажеттіліктеріне сәйкес жалғыз жергілікті өндірушіден тауарларды тікелей сатып алу, жергілікті өндірушілер арасында тендерлер өткізу, жергілікті өндірушілер үшін шартты жеңілдіктер мөлшерін арттыру, сондай-ақ инвестициялар немесе ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде шарттар жасау мүмкіндігін көздейді.