2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Осыған орай, Су ресурстары және ирригация министрлігімен салалық жоспар әзірленді.
Оның айтуынша, Министрлік пен қытайлық Power China компаниясымен келісудің нәтижесінде қазақстандық су саласының мамандары көрші елде біліктілігін арттыру курстарынан өтуде.
«Аталған курстардан 60 маман өтіп қойды. Бүгінгі күнде 31 маман оқудан өтуде. Жыл соңына дейін тағы 30 маман өтетін болады. Барлық шығынды Қытай тарапы өтеуде екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар отандық мамандар Өзбекстан, Франция, АҚШ, Оңтүстік Корея мен Жапония елдерінде білімдерін шыңдап келіп жатыр. Бұл ретте келер жылы Қытай тарапымен қолданыстағы бағдарламаны жалғастыру да бойынша келіссөздер жүргізілуде»,-деді ведомство өкілі.
Жыл басынан бастап, «Қазсушар» РМК 279 маусымдық жұмыскерлері тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Жақын арада кәсіпорынның штатына тағы 146 адам қабылданады. Осылайша, кәсіпорынның барлық 425 маусымдық жұмыскері тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын электр энергетикасы салаларындағы мамандардың еңбекақысымен теңестіру мақсатында былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарды бастады. Биыл маусым айында Мемлекет басшысы осы заңға қол қойды. Нәтижесінде су саласы қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсті.