Отандық жүк тасымалдаушылар бірқатар төлем мен айыппұлдан босатылды

0
614

48 сағаттан артық тұрып қалған жүктерді сақтағаны үшін алым 10 емес, бір еселік мөлшерде алынады.


Отандық жүк тасымалдаушылар бірқатар төлем мен айыппұлдан босатылды

Елдегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстанның барлық өңірінде жүк тасымалдаумен байланысты айыппұл, алым және төлемдерді алып тастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ortcom.kz-ке сілтеме жасап.

"Шешім "Темір жол көлігі туралы" заңы аясында, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының үндеуін ескере отырып қабылданды", – делінген хабарламада.

Атап айтқанда:

  • жүк тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындамағаны үшін айыппұл салынбайды;
  • жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің, вагон иелерінің кінәсінен болған, меншікті (жалға алынған) вагондардың бос тұрғаны, магистральдық, станциялық жолдарда контейнерлердің кідіргені үшін төлем алынбайды.

Бұдан өзге, форс-мажорлық жағдайларға байланысты жүк алушыларға жүктің межелі станцияға келгені туралы хабарланған сәттен бастап 48 сағаттан артық тұрып қалған жүктерді сақтағаны үшін алым 10 еселік емес, бір еселік мөлшерде алынады.