Өткен тәулікте 686 адам коронавирус жұқтырды, 6 адам пневмонияға шалдықты.
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте індеттен қанша адам көз жұмғанын жайлы мәлімет жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өткен тәулікте коронавирустан 6 адам, пневмониядан 2 адам қайтыс болды.
16 ақпандағы мәлімет бойынша, 22 733 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 090 пациент стационарда, 17 643 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жалпы науқастар арасында 255 адамның жағдайы ауыр, 47 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 38 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Сонымен қатар өткен тәулікте 686 адам коронавирус жұқтырды, 6 адам пневмонияға шалдықты.
Пандемия басталғалы 203 259 адамнан коронавирис табылды, 2 652 адам қайтыс болды.
2020 жылдың бірінші тамызынан бері 48 700 адам пневмонияға шалдықты, 602 адам көз жұмды