Сонымен бірге биыл ЖИ шешімдері бар ғаламдық вендорлар мен IT-компаниялардан тұратын AI-альянс құрылған.
ERNUR.KZ. Қазақстанда отын-энергетика кешенінде ЖИ технологияларын қолдану мәселесі белсенді түрде пысықталуда. Осы мақсатта ТЭК саласына ЖИ енгізу жөніндегі акселерациялық топ құрылған, оның құрамына саланың жетекші компанияларының өкілдері кірді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
«Топтың негізгі міндеті – салалық қажеттіліктерді айқындау және ЖИ технологияларын енгізу бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру бағытында күш-жігерді біріктіру», – деп атап өтті энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында.
Сонымен бірге биыл ЖИ шешімдері бар ғаламдық вендорлар мен IT-компаниялардан тұратын AI-альянс құрылған.
Отандық IT әзірлеушілерді қолдау мақсатында министрлік пен Astana Hub резиденттері арасында салаға ЖИ шешімдерін енгізу және сол бағытта бірлесіп сынақтар өткізу жөнінде меморандумдарға қол қойылды.


