Өзбекстанда қазақ ұлттық орталығының 30 жылдығы аталып өтті

0
679

Бұл маңызды шара қазақтың қарлығаш биі Төле бидің жатқан жеріне зиярат етіп, құран бағыштаудан бастау алды.


Өзбекстанда қазақ ұлттық орталығының 30 жылдығы аталып өтті

ERNUR.KZ. 9-10 маусым аралығында Өзбекстан мемлекетінде «Өзбекстан - бақытты ұлттар мекені» атты Республикалық қазақ ұлттық орталығының 30 жылдық мерейтойы өтті, деп жазады inform.kz.

Шара Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан қазіргі күнге дейін көптеген ұлттардың бір аспан астында бейбіт, бір болып өмір сүрулеріне жағдай жасап, «этник» сөзіне лайықты дамыту мен ұлтаралық қатынастарды нығайтуда 30 жыл ішінде жасалған жұмыстармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Мерейтойға Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті құзырындағы Ұлтаралық қатынастар және шет мемлекеттермен достық байланыстары комитетінің төрағасы Рустамбек Курбанов, ҚР Өзбекстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды, Өзбекстандағы Республикалық Қазақ мәдени ортылығының басшысы Үсенов Серік, «Отандастар қоры» ҚеАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы мен Өзбекстан аймағындағы барлық аудандарындағы Қазақ мәдени орталықтарының басшылары мен Өзбекстанда тұратын өзге ұлт орталықтарының өкілдері қатысты.

Бұл маңызды шара қазақтың қарлығаш биі Төле бидің жатқан жеріне зиярат етіп, құран бағыштаудан бастау алды. Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінде орталықтың 30 жылдығына арналған: «Өзбекстан қазақтары: экономика, ғылым және мәдениет» атты ғылыми практикалық конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияда «Орталықтың 30 жылда атқарған игі шаралары», «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ыңтымақтастықтың келешегі», «Қазақстан халықтары Ассамблеясының ұлтаралық қатынастарды дамытудағы рөлі» мен «Шет мемлекеттермен достық байланыстарда қандастардың орны» атты тақырыптар қозғалды.

Сонымен қатар, Мекембай Омарұлының «Ташкент қазақтары тарихы және мәдени өмірі» атты кітап тұсаукесері өтті. Іс - шара барысында бірнеше маңызды кездесулер өтті. Атап айтсақ, Отандастар қоры делегациясы Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті құзырындағы Ұлтаралық қатынастар және шет мемлекеттермен достық байланыстар комитеті және Өзбекстан «VATANDOSHLAR jamoat fondi» басшылығымен кездесіп, екі жақты бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасу тақырыптары талқыланды. Қащақ мәдени орталықтың 30 жылдығына арналған ісшара да Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттікі педагогикалық университеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттерінің қатысуымен «Білім» көрмесі ұйымдастырылды. Мерейтой Ташкент қаласының «Түркістон» концерттік сарайында қазақ ұлты өкілдерінің көрнекті суретшілері, қолөнер бұйымдары және жазушылар кітаптарының көрмесі өтті.

Екі күндік бағдарламаның соңында қазақстандық әншілердің қатысуымен өткен гала-концертпен аяқталды. Гала концертке еліміздің танымал халық әртісі Майра Мұхамбетжанқызы, Ж.Шанин театрының әртістері, эстрада әншілері мен Қазына би тобы, Оркестр әртістері және Опера балет театрының балет тобы шақырылып, өз өнерлерін көрсетті. Концерттік шара «Отандастар қоры», Шымкент қаласының әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ақпарат ретінде: Бүгінде Өзбекстан Республикасында 7 қазақ мәдени орталық бар. Атап айтсақ, Ташкент, Науаи, Хорезм, Бухара, Нукус, Сырдария. Әр мйдени орталық өз орналасқан мекеннің атымен аталған. Сонымен қатар 360 қазақ мектебі, 20 дан аса жоғарғы дәрежелі ғалымдар бар. 3 мәжіліс, 2 сенат және 500 аса жергілікті кеңес депутаттары бар. Өзбекстан бойынша бүгінде 6 қазақ тілінде хабар тарататын бұқаралық ақпарат құралдары бар.