Өзбекстандық қыз анасымен Ақтауға көшіп, екі күннен кейін жоғалып кетті

0
438

Ол өзімен телефонын да алмай үйден шығып, оралмаған.


Өзбекстандық қыз анасымен Ақтауға көшіп, екі күннен кейін жоғалып кетті

ERNUR.KZ. 21 жастағы Сабина Темірова анасымен Өзбекстаннан Ақтауға көшіп келгеннен кейін екі күннен соң жоғалып кетті, деп жазады Тengrinews.kz.

Теміровалар Ақтауға 15 шілдеде келген. Сенбі, 17 шілдеде шамамен сағат 18.30-да Сабина өзімен телефонында алмай үйден шығып, оралмаған. Бұл оның қалада бірінші рет болуы.

18 шілдеде 11.00-де Сабина Темірованың анасы Манзура полицияға арыз жазған.

"Қара жейде, өрнектелген белдемше мен туфли киіп кеткен. Қолында алқызыл сөмкесі болған. Анасының телефон номеры: 8 (778) 314-23-47 (Манзура)", - деді полиция өкілдері.