"Өзімді 35 жастағы әйел сезінемін": Баян Мақсатқызы 50 жасында ана болудың әсерін бөлісті

0
639

Продюсер тамыз айында екі рет Алиса мен Алма есімді қыздардың анасы атанып еді.


ERNUR.KZ. 50 жасында екі мәрте ана атанған Баян Мақсатқызы екі сәбиге қалай қарап жатқанын айтты, деп жазады stan.kz.

Продюсер тамыз айында екі рет Алиса мен Алма есімді қыздардың анасы атанып еді.

“50 жаста ана болу қандай деп менен жиі сұрайды. Бір қызық жайт: менің қолым мен денем барлығын сезінеді: Шомылдыру мен сәбилерді ұстау, тыныштандыру, массаж жасау. 20 жыл бұрын осының барлығы болмағандай?! Сәбидің иісі қандай?! Көңіл күйім де өте көтеріңкі. Айтатын әндерім де бұрынғыша. Мен ешқашан ақылсыз ана болған емеспін”, – деді жас ана.

Одан кейін продюсер ана атанған бойда бала күтімімен үйде отырмайтынын ашық айтты.

“Ешқашан баламен үйде отырған емеспін. Үлкенім туғанда екі айлық баламен жұмысқа бардым. Айарудың туғанына 20 күн болғанда теледидардан хабар жүргіздім. Алиса дүниеге келгенде жаңа фильм бастадым. Алма туғанда ол жобамды аяқтап, жаңасын бастап жатқан едім. Балаларым – менің өмірім. Өзімді 35 жаста қалып кеткен Баян сезінемін. Өзімнің жасымды мүлдем сезбеймін. Шаршағанымды да байқамаймын. Мүмкін аздап ақылды болып кеткен шығармын”, – деді Баян Мақсатқызы.