Өзіне қол салған адамнан коронавирус табылды

0
735

Марқұмды мәйітханада тексергенде вирус анықталған.


Өзіне қол салған адамнан коронавирус табылды

ERNUR.KZ. Түркістан қаласынан хабарласқан тұрғын Нұр-Сұлтанда тұрып жатқан бауыры өзіне қол жұмсап қайтыс болғанын айтады. Алайда бауырларының денесін күтіп отырғанда, жергілікті әкімдіктен келгендер марқұм короновирус жұқтырғанын жеткізген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Шенеуніктердің сөзінше, марқұмды мәйітханада тексергенде СОVID-19 вирусы анықталған. Ал елордалық дәрігерлер анықтамаға өзіне қол жұмсағанын анық жазып беріпті. Сондықтан мәйітті де туыстарының қолына бере салған.

Вирус жұқтырды деген сараптама қорытындысы Түркістан облысына мәйіттен кейін ілі-шала жеткен. Ауруға қатысты нақты қорытындыны білмей тұрып, мәйітті неге туыстарына бергенін Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы әзірге түсіндірген жоқ. Ал мәйітті алып келген үш адам енді карантинге жатуы тиіс.

- Короновирус жұқтырғаны мәйітханада анықталған. Бізге арнайы хабарлады. Мемлекеттік сараптаманың хатын алдық. Жұмыстан қалып, бекерден-бекер әуре болып жүрмейміз ғой. Түске дейін облыстық СЭС мамандары, имамдар бар, түсіндіру жұмысын жүргіздік. Жұрт түсінгісі келмейді. Анасы, туыстары бар, - дейді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев.