Пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет -Тоқаев

0
616

Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз, деді мелекет басшысы.


Пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет -Тоқаев

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп жазады Tengrinews.kz.


"Бір жерде ахуал тұрақталса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болды. Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді. Ең бастысы біз азаматтардан еш нәрсені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырмыз. Бұл кейбір мемлекетке қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы. Алайда ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс. Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жолдауын республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, радиостанциялар тікелей толқында таратып жатыр.