Пара алу кезінде ұсталған Қостанай облыстық соты сот алқасының төрағасы қамауға алынды

0
825

Судья тамыз айының басында қылмыс үстінде ұсталған болатын.


Пара алу кезінде ұсталған Қостанай облыстық соты сот алқасының төрағасы қамауға алынды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Қостанай облыстық соты сот алқасының төрағасы екі ай мерзімге қамауға алынды, деп жазады nur.kz.

"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен Қостанай облыстық сотының сот алқасының төрағасы А.Д. қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, судья тамыз айының басында қылмыс үстінде ұсталған болатын. Сот алқасының төрағасын ұстау операциясына ҰҚК департаменті мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері қатысқан. Тергеу Қылмыстық кодексінің 366-бабы "Пара алу" бойынша жүргізілуде.