Ол көзі мүлдем көрмейтін спортшылар санатында (J1) белдесті.
ERNUR.KZ. Пара дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті. Екінші жарыс күнінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Альфия Тілекқабыл жеңімпаз атанды, деп жазады baq.kz.
Ол көзі мүлдем көрмейтін спортшылар санатында (J1) белдесті. Айналмалы жүйе бойынша күрескен ол чемпиондық атаққа дейін Дилорам Диханова (Қазақстан) мен Хосиотхан Позильжонова (Өзбекстан) жеңді.
Айта кетерлігі, 16 жасар Альфия үшін бұл алғашқы Азия чемпионаты. Ол пара дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасына биыл қосылған.
Париж Паралимпиадасы алдындағы ресми чемпионатта спортшылар J1 (көзі мүлдем көрмейтін) және J2 (көзі нашар көретін спортшылар) санаты бойынша бақ сынауда.
Құрлықтық дода 30 сәуірге дейін жалғасады.