"Пәтер ұтамын" деп сауда үйінде ішкиіммен жүгірген қазақстандық жазаланды

0
102

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.


Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Осылайша танымал блогерден пәтер ұтып алу үшін ерсі іс-әрекетке барған ер адам 15 тәулікке қамалып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға осы жылдың 21 қазанында болған. Ер адам Астанадағы сауда орталығында ішкиіммен жүріп, "Маған пәтер сыйла!" деп айқайға басқан.

– Осы әрекеті арқылы ол қоғамдық орында әкімшілік құқықбұзушылық жасады. Айыпталушының кінәсі іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, ер адамның түсініктемелері және Instagram желісінде жарияланған видеомен расталды. Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Ол сотқа пәтер ұтып алу үшін өзіне назар аудартқысы келгенін түсіндірді, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот ер адамды кінәлі деп санап, 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған. Әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбадан ер адамның танымал блогер өткізген пәтер ұтысына қатысқысы келгенін аңғару қиын емес.