Павлодар мектебіндегі өрттен сегізінші сынып оқушысы зардап шекті

0
739

Бұған дейін 47 жастағы физика пәнінің мұғалімі өрттен зардап шеккені хабарланған болатын.


Павлодар мектебіндегі өрттен сегізінші сынып оқушысы зардап шекті

ERNUR.KZ. Павлодарда мектепте өрт шығып, 15 жастағы оқушы зардап шекті. Төтенше жағдайдан кейін қыз басы қатты аурғанына шағымданған. Жедел жәрдем оқушы қызды ауруханаға жеткізді, деп жазады tengrinews.kz.

"21 сәуірде сағат 19.28-де Павлодар қаласындағы облыстық балалар ауруханасына 2007 жылы туған 8 "Б" сынып оқушысы жүгінді. Өрт кезінде ол сабақта болған. Эвакуациядан кейін үйіне қайтқан, ал кешке жағдайы нашарлаған", - деді облыстық Білім басқармасы өкілдері.

Мұғалімдердің айтуынша, зардап шегуші көмірқышқыл газына уланып қалуы мүмкін.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қыз соматикалық бөлімде жатыр.
"Бала инфузион терапия алып жатыр. Жағдайы тұрақты", - деді ведомство өкілдері.

Бұған дейін 47 жастағы физика пәнінің мұғалімі өрттен зардап шеккені хабарланған болатын. Көмірқышқыл газынан уланған әйел ауруханаға жеткізілген.

2020 жылы мектепке 200 миллион теңгеге жуық қаржыға күрделі жөндеу жүргізілген. Ғимараттың едені, шатыры, жылу, су және кәріз жүйелері ауыстырылған. Білім басқармасы мәлметінше, жөндеу жұмыстары "Замануй мектеп" жобасының жол картасы аясында жүргізілген.

Айта кетейік, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өрт шыққан орнға барып, өрт сөндірілгеннен кейін бірден төтенше жағдайлар жөніндегі штаб отырысын өткізді. Кейін ол Instagram-парақшасында бұл факт бойынша тергеу жүріп жатқанын жазды.