Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында 40 бас жылқыны ұрлағандар іздестіріліп жатыр. Жылқылар Шарбақты ауданы Жаңа ауыл маңындағы жайылымдарда қараусыз жайылған, деп жазады Zakon.kz.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарбақты ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, 2023 жылдың ақпан-қараша айлары аралығында Жаңа ауыл маңындағы жайылымдардан қараусыз қалған 40 бас жылқының ұрланғанын мәлімдеген.
"Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары аталған фактіге қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", делінген Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.