Әкімдік мәліметінше, 1993 жылы салынған мектеп бағаны төмендету әдісі арқылы сатылды.
Фото: krisha.kz
ERNUR.KZ. Бұрынғы бастауыш мектептің ғимараты Ақсу қаласы, Береке ауылында орналасқан, деп жазады Stan.kz.
Әкімдік мәліметінше, 1993 жылы салынған мектеп бағаны төмендету әдісі арқылы сатылды.
“Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне сәйкес, мектеп ғимараты Достық ауылдық округінің өзін-өзі басқару коммуналдық меншік объектілерінің тізіміне енгізілді. Бағалау туралы есепке сәйкес объектінің нарықтық құны 561,0 мың теңге болды. Ақсу қаласының Береке ауылының бұрынғы бастауыш мектебі 2024 жылы 27 ақпанда ұйымдастырылған үшінші аукционында сатылды. Ең төменгі бағаны белгілемей, оны төмендету әдісі арқылы сатылды”, – делінген хабарламада.
Фото: Elinfo Telegram
Әкімдіктің хабарлауынша, аукционды өткізу кезіндегі бастапқы баға 1,6 миллион теңге болған.
“Себебі үкімет қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларының 40-тармағының 2-тармақшасына, 4-тарауына сәйкес, бағаны төмендету әдісі қолданылады. Осылайша жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы 3-ке тең арттырушы коэффициентке көбейту жолымен айқындалады. Нәтижесінле ғимараттың сатылған бағасы 213 теңге болды”, – делінген хабарламада.