Павлодар облысында көлік өртеніп, 7 жастағы бала көз жұмды

0
2 289

2 және 5 жастағы тағы екі бала, 24 жастағы ер адам мен 30 және 51 жастағы әйел адамдар Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.


Павлодар облысында көлік өртеніп, 7 жастағы бала көз жұмды
ERNUR.KZ. Павлодар облысында болған екі ірі жол апатынан төрт адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.


Жол-көлік оқиғалары сенбі күні кешке Шідерті кенті мен Ақсу ауылдық аймағында орын алды.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, Шідерті кентінен 10 шақырым жердегі оқиға туралы хабар сағат 21:22-де түскен.

"Мұнда екі көлік соғысып, нәтижесінде біреуі өртенген. Медиктер 9 минутта жетті. 7 жастағы бала көмек келгенге дейін көз жұмған", - деді 103 қызметінде.
2 және 5 жастағы тағы екі бала, 24 жастағы ер адам мен 30 және 51 жастағы әйел адамдар Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

Екінші жол апаты сағат 22:00 шамасында Ақсу қаласынан 25 шақырым жерде орын алған.
"Екі көлік соқтығысынан 5 адам зардап шекті. Жедел жәрдем топтары бірінші санаттағы жеделдікпен 13 минутта жетті. 2 және 6 жасар балалар мен 40 жастағы әйел адам алған жарақаттарынан көз жұмды", - деді 103 қызметінде.
40 және 58 жастағы ер адамдар Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді.