Павлодар облысында көмір кенішінде жұмысшы көз жұмды

0
135

42 жастағы ер адам бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде ауыр жарақат алған.


Павлодар облысында көмір кенішінде жұмысшы көз жұмды

фото:Sputnik / Владимир Астапкович

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы "Майкубен Вест" кәсіпорнында жұмысшы көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл ақпаратты мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті растады. 1984 жылғы жұмысшы бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде ауыр жарақат алған.
"24 шілдеде Баянауыл ауданындағы "Майкубен Вест" серіктестігі аумағында алдын ала бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері көз жұмды", - дейді департамент басшысы Асқар Қапанов.
Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Оқиғаның мән-жайы тексеріледі.