Павлодар облысында жеке кәсіпкерлерге жер телімі заңсыз берілген

0
510

Заң бұзушылық Ертіс ауданында тіркелген.


Павлодар облысында жеке кәсіпкерлерге жер телімі заңсыз берілген

ERNUR.KZ. Павлодар облысында жеке кәсіпкерлерге жер телімі заңсыз берілген. Заңбұзушылықтарды облыстық прокуратура анықтады, деп жазады Azattyq Ruhy.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, Ертіс ауданында 47 мың гектар жайылымдық жер тапшылығынан жеке тұлғалар жер телімдерін заңсыз алған.

«Осы жағдайлардың бірінде үш мың гектардан асатын жайылымдар сот күшімен қайтарылды», – дейді департаментте.

Сонымен қатар, прокуратура органдарымен міндетті конкурстық рәсімдерді елемеу, елді мекендер шекарасында жайылымдық және егістік жерлерге жер учаскелерін беру, қызметкерлердің құзыретіне жатпайтын шешімдер қабылдау, төлемақыны төмендетіп көрсету сынды фактілер анықталды.

Жалға алушылардың бірі жер телімін жалға алғаны үшін мемлекетке жылына 50 миллион емес, 60 мың теңге төлеген.

«Қылмыстық кодекстің 361-бабы төртінші бөлігінің үшінші тармағы бойынша жер қатынастары саласындағы қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – дейді прокуратура.

Тексерулер жалғасып жатыр.