Павлодар полициясы WhatsApp-та тараған жантүршігерлік оқиғаға қатысты жауап берді

0
437

Автор мектеп оқушылары такси жүргізушісінің көлігін алу үшін оны бауыздап тастағанын жазған.


Павлодар полициясы WhatsApp-та тараған жантүршігерлік оқиғаға қатысты жауап берді

ERNUR.KZ. Павлодардағы WhatsApp-чаттарда жантүршігерлік видео тарады. Автор мектеп оқушылары такси жүргізушісінің көлігін алу үшін оны бауыздап тастағанын жазған. Оның айтуынша, жантүршігерлік оқиға Павлодарда болған, деп жазады tengrinews.kz.

"42 жастағы жүргізуші қазір ауруханада ауыр халде жатыр. Ал сегізінші сынып оқушысы мен лицей оқушылары тергеу изоляторында куәлік беріп жатыр. Жасөспірімдер полицияға жақсы таныс болып шықты: бір апта бұрын олар бейнебақылау камерасы астында нағыз шоу қойыпты. Алдымен бұзақылар жақын маңдағы көліктің әйнегін сындырған, содан кейін камераға қарап лезгинка билеген", - делінген чаттарда тараған хабарламада.

Видеода полицияның жерде қансырап жатқан адамды қалай құтқармақ болғаны көрсетілген.

Павлодар облысының Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Жіберілген видео мен оған жазылған мәтін бір-бірімен байланысты емес. Бұл видеода түсірілген оқиға 2023 жылы 24 қаңтарда Алматыда болған. Мәтінде көрсетілген оқиға 2012 жылы Павлодарда болған. Күдіктілер сотталған", - деді полиция өкілдері.

Полиция тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Еске салайық, 24 қаңтарда Алматыда көлік ұрлаған ер адам өзіне пышақ сұғып алған болатын. Әлеуметтік желіде жерде жатқан ер адамды полиция қызметкерлері ұстап алғаны түсірілген видео пайда болды.