Павлодарда электровоздың үстінде селфи жасамақ болған жасөспірім тоққа түсті

0
826

Оның денесінің 70 пайызын күйік шалған.


Павлодарда электровоздың үстінде селфи жасамақ болған жасөспірім тоққа түсті

ERNUR.KZ. Павлодарда электровоздың үстіне шығып селфи жасамақ болған 16 жастағы жасөспірім токқа түсті, деп жазады 24.kz.

Оның денесінің 70 пайызын күйік шалған. Жағдайы ауыр. Оған күрделі ем-дом шаралары тағайындалды. Алдағы уақытта пластикалық операциялар жасалады деген болжам бар.

«Жасөспірім есін жиды. Дәрігерлермен сөйлеседі. Бірақ жағдайы ауыр. Бастапқыда селфи жасап, элктропойыздың үстіне мінгенін айтты. Кейін ұмытып қалғанын жеткізді. Ең бастысы, бала аман. Біз өз тарапымыздан қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз», - дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош.