Павлодарда көлік ұрысы жол апатынан көз жұмды

0
136

Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.


Павлодарда көлік ұрысы жол апатынан көз жұмды

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Павлодарда көлік ұрысы жол апатынан көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Полиция көлікті айдап кету және жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"13 шілдеде ер адам Мерседес маркалы автокөлікті айдап әкеткен, содан кейін Назарбаев даңғылы – Ломов көшелерінің қиылысында Лада Грант пен Хюндай Туксон автокөліктерімен соқтығысқан. Салдарынан көлік ұрысы апат болған жерде қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.