15 жастағы қыз ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
ERNUR.KZ. Павлодарда сегізінші қабаттан қыз бала құлады. Оқиға Назарбаев даңғылы, 204 мекенжайында орын алды, деп жазады pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем қызметінің мәлімдеуінше, сағат 17:06-да 8-қабаттан бала құлағаны туралы қоңырау түскен.
"15 жастағы қыз ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - деді жедел жәрдем қызметінде.
Жедел жәрдем оқиға орнына 2 минутта жеткен.