Павлодарда жол апаты кезінде жаяу жүргінші көлік төбесіне ұшып түсті

0
564

​Зардап шеккен азамат ауруханаға жатқызылды.


Павлодарда жол апаты кезінде жаяу жүргінші көлік төбесіне ұшып түсті

ERNUR.KZ. Павлодарда жолдан өтіп бара жатқан тұрғын өзін қағып кеткен көліктің төбесіне шығып кетті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады sputnik.kz.



Видеода ер адам жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігінен өтіп бара жатқаны көрініп тұр. Бір көлік тоқтап, оны өткізіп жатқанда, ер адам жүрісін жылдамдатады. Осы кезде жаяу жүргіншіні көрмеген басқа көлік оны қағып кетеді де, ер адам қатты соққыдан оның көлігінің төбесінен бір-ақ шыққан.
Оқиға 26 тамызда Мәшһүр Жүсіп пен Павел Васильев көшелерінің қиылысында болған.
"43 жастағы Daewoo Nexia жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігінде жолдан өтіп бара жатқан 38 жастағы азаматты қағып кетті. Жол апаты салдарынан сүйектері сынған жаяу жүргінші Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды. Осы факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды", - дейді полицейлер.