Павлодарда жол апатын жасап, кісі өліміне себепкер болған бұрынғы ІІМ қызметкері сотталды

0
387

38 жастағы Lexus LX 570 иесі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, мас күйінде абайсызда адамның өліміне әкеліп соқтырған жол апатын жасағаны, адам денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жазаланады.


Павлодарда жол апатын жасап, кісі өліміне себепкер болған бұрынғы ІІМ қызметкері сотталды

Сурет: Zakon.kz/Ирина Адылканова

ERNUR.KZ. Павлодар қалалық соты 7 ақпанда зейнеткердің өмірін қиған және оның досын мүгедек еткен Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерінің қатысуымен болған жол апатына қатысты резонанстық іс бойынша үкім шығарды, деп жазады zakon.kz.

38 жастағы Lexus LX 570 иесі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, мас күйінде абайсызда адамның өліміне әкеліп соқтырған жол апатын жасағаны, адам денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жазаланады.

"Айдар Бағдатұлы Нұрмұхамбетов ҚР ҚК-ның 345-бабы,1, 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын, ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде жазасын өтесін", деп судья Бибігүл Сәбитденова сот үкімін жариялады.

Сондай-ақ сотталған адам көлік құралын басқару құқығынан 10 жылға айырылады. Жаза мерзімінде колонияда жазасын өтеген екі күн үшін бір күн қамауда ұстау есебінен жаза уақыты есепке алынды.

Сонымен қатар, жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылды. Мәселен, отбасылардың біріне материалдық залалдан бөлек 8 млн теңге, екінші отбасыға 7 млн теңге сомасында моральдық зиян өтеледі.

Жеңілдететін мән-жайлар сотталушының кінәсін толық мойындауы, соттылығының болмауы, кәмелетке толмаған үш баланың болуы, залалдың ішінара өтелуі болып танылды. Сот ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ. Алайда, айыптаушы тарап қымбат шетелдік көліктің иесі жылдамдық режимін бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Соңғы рет Семей қаласында: жол-көлік оқиғасы алдында.

Бұған дейін біз осы іс бойынша сотталушының кінәсін мойындағанын хабарлаған болатынбыз. Оның айтуынша, 2024 жылдың шілдесінде ол еңбек демалысында болған және әріптесімен бірге Семейде жүрген. Астанаға барар жолда сыра ішіп, көлікте жолаушы ретінде болғанын айтады. Досы шаршаған кезде жолда досының орнына рөлге отырған.