Педофилдерге хирургиялық кастрация жазасын да енгізу керек – Аймағамбетов

0
527


Педофилдерге хирургиялық кастрация жазасын да енгізу керек – Аймағамбетов

ERNUR.KZ. Асхат Аймағамбетов мәжіліс кулуарында педофилдерді жазалауға қатысты қандай шара қолдану керектігі жайлы ойын айтты, деп жазады stan.kz.

Мәжіліс депутаты ауыр қылмыс жасаған педофильдер түрлі сылтаумен жазадан құтылып кетіп жатыр деп айтты.

“Оларға кем дегенде өмір бойына қамау керек. Мұндай адамдарды адам деп айту қиын. Бұдан да үлкен жаза болуы керек шығар. Бірақ біздің заңнамамызға қатысты ең үлкен жаза өмір бойына қамау. Сондықтан өмір бойына қамау, басқа нұсқа болмауы керек”, – деді ол.

Аймағамбетов заңға тек қана химиялық емес, хирургиялық кастрация жазасын да міндетті түрде енгізу керек деп санайды.

"Өйткені біз қазір көріп жатырмыз кейбірлері 10-15 жыл бұрын сотталғандар егер шығатын болса, оларға химиялық стирилизация жасауға келгенде олар бауырым аурады, басқа да мәселелер бар деп шыға келеді. Сондықтан барлығы жазаға тартылып жатқан жоқ деп айта аламын. Біздің ойымызша химиялық, хирургиялық кастрация міндетті болуы керек. Өйткені мұндай адамдар туралы гуманизм туралы айту қиын", – деді депутат Аймағамбетов.