Петропавлда төрт жасөспірім мұз астына түсіп кете жаздаған

0
241

Балаларға мұз бетіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру маңызды.


Петропавлда төрт жасөспірім мұз астына түсіп кете жаздаған

ERNUR.KZ. Петропавлда Пестрое көлінің үстінде жүрген төрт баланы тұрғындар байқап дабыл қақты, деп жазады sputnik.kz.


Балалар жағадан бір жарым шақырым жерде болған. Құтқарушылар оларды жағаға алып шығады. Кәмелетке толмағандардың айтуынша, олар мұздың қауіпті екенін білмеген.


"Жылдың осы мезгілінде көлдің беті қауіпті. Мұз қатты қауіпсіз болып көрінгенімен шытынап кетуі мүмкін. Сондықтан ата—аналар балаларға мұз бетіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру маңызды, ересектер мұндай жағдайларға бей-жай қарамауы керек", - деп ескертеді құтқарушылар.