Petrosun Қазақстанның ішкі нарығына 362 мың тонна сұйытылған мұнай газын жеткізді

0
584

Бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңіндегі көлемнен 2,33%-ға көп.


Petrosun Қазақстанның ішкі нарығына 362 мың тонна сұйытылған мұнай газын жеткізді

АСТАНА, 29 қараша - Sputnik. Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауытында сұйытылған мұнай газы өндірісінің өсімі Petrosun компаниясына 2023 жылдың 11 айында ішкі нарыққа газ жеткізуді ұлғайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметі.

Ұлттық компанияның мәліметінше, Petrosun елдің жанармай құю бекеттеріне 362 744 тонна сұйытылған газ жеткізді. Бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінің ішіндегі көлемнен 2,33%-ға артық.
"Аталған 362 744 тонна көлем Қазақстанның ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған газды жеткізу жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия бекіткен газдың жалпы көлемінің 27%-ын құрайды", - делінген хабарламада.
Petrosun мұнай өңдеуінің айтарлықтай үлесі Шымкент мұнай өңдеу зауытында жүргізілетіндіктен, компания газдың негізгі жеткізілімдерін Түркістан облысына, Шымкентке, Жамбыл облысына, Алматыға және Алматы облысына жеткізеді, деп толықтырды "ҚазМұнайГаз".
Petrosun осы өңірлердегі энергетика министрлігінің сұйытылған мұнай газы жеткізу жоспары бойынша қажеттілігін соңғы үш айдың ішінде 49%-дан 100%-ға дейін жапты.
" 2022 жылы және 2023 жылдың 11 айының ішіндегі Petrosun үшін өндірілетін сұйытылған мұнай газының көлемі толықтай ішкі нарыққа жеткізіліп тұрды. Жалпы көлемі шамамен 748 036 тоннаны құрады", - деп атап өтті "ҚазМқнайГаз".
Petrosun сұйытылған газды энергетика министрлігі бекітетін шекті көтерме бағамен сатады (бір тоннасына, ҚҚС қосқанда):
2022 жылғы шілдеден бастап - 37 632 теңге,
2023 жылғы шілдеден бастап - 45 158 теңге.