Бүгінде жұқпалы аурулар стационарында COVID-19 расталған 123 адам емделіп жатыр, провизор стационарларында "пенвмония" диагнозымен - 1362 науқас емделіп жатыр.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында пневмониядан болған өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі тіркелді. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды, - деп жазады Tengrinews.kz.
"Пневмониядан өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі тіркелген Павлодар облысы әкімдігінің, сондай-ақ COVID-19-бен ауырудың өсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметі тыңдалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Анра Омарова аймақта коронавирус төмендеу динамикасы байқалатынын айтқан. Сондай-ақ провизор стационарларындағы науқастар саны 373-тен 150-ге дейін, яғни, 2,5 есе азайған.
Жалпы облыста коронавирус жұқтырған 2987 адам анықталған. Бүгінде жұқпалы аурулар стационарында COVID-19 расталған 123 адам емделіп жатыр, провизор стационарларында "пенвмония" диагнозымен - 1362 науқас емделіп жатыр. 29 шілдедені жағдай бойынша, облыста 23 адам коронавирустан қайтыс болған.