Пойыз билеттері 15 мамырдан бастап сатыла бастайды

0
1 057

Жолаушылар пойызы кезең-кезеңмен 2020 жылдың 1 маусымынан бастап іске қосылады.


Пойыз билеттері 15 мамырдан бастап сатыла бастайды

ERNUR.KZ. Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел ішінде жолаушылар пойыздарының қатынасын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады, деп жазады zakon.kz.

Халықтың сұранысын ескере отырып және аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар пойызын кезең-кезеңмен 2020 жылдың 1 маусымынан бастап іске қосылады.

Атап айтқанда, алғашқы кезеңде 54 пойыз жүре бастайды, оның ішінде:

- Нұр-Сұлтан - Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл / Қызыл ту, Орал, Жезқазған, Қызылорда;

- Алматы - Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Орал, Петропавл;

- Қызылорда - Семей;

- Қостанай - Қарағанды, Арқалық, Алматы;

- Қарағанды - Жезқазған;

- Қызылорда - Көкшетау, Петропавл және қала маңындағы коммуникациялар.

Билеттерді сату 2020 жылдың 15 мамырында басталады.