Полиция АҚШ-тан пошта арқылы келген есірткіні анықтады

0
67

Сот-химиялық сараптама жасалып жатыр.


Полиция АҚШ-тан пошта арқылы келген есірткіні анықтады

ERNUR.KZ. АҚШ-тан Алматыға есірткі салынған пошта келді, деп жазады sputnik.kz.

Алматы полициясы қылмыстық сәлемдемені поштаның қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің көмегімен анықтады.
"Сәлемдеме 30 жастағы жергілікті тұрғынға жіберілген. Оған АҚШ-тан марихуана және құрамында есірткі бар мармелад салынған қаптама жіберген. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді", - дейді ведомство.
Сот-химиялық сараптама жасалып жатыр.
Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны және қаланы есірткімен қамтамасыз ету арнасы анықталады.