Президент Екібастұздағы апаттың қайталануына жол беруге болмайтынын айтты

0
405

Ол Екібастұздың энергия жүйесін жаңғырту басым міндет екенін атап өтті.


Президент Екібастұздағы апаттың қайталануына жол беруге болмайтынын айтты

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз жылу электр орталығын жөндеу жұмыстарын толық көлемде және уақытылы аяқтауды тапсырды, деп жазады sputnik.kz.

Ол Екібастұздың энергия жүйесін жаңғырту басым міндет екенін атап өтті.
"Үкімет пен әкімдік ГРЭС-1 бірінші энергоблогын іске қосу және ГРЭС-2 екі жаңа блогының құрылысын дер кезінде қамтамасыз етуі керек. Бұл елдік ауқымдағы жобалар", - деді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Тоқаев Екібастұз жылу электр орталығын жаңғырту және келесі жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын толық көлемде және мерзімінде жүзеге асыруды тапсырды.
"Былтырғы дағдарыстық жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды", - деді ол.