Президент елдегі жол сапасын сынға алды

0
1 353

Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр - Мемлекет басшысы.


Президент елдегі жол сапасын сынға алды

иллюстрациялық фото

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды деп баға берді. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр. Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырдым» деп жазды Президент.