Президент әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

0
821

Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы Ақорда сайтында жарияланды.


Президент әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

ERNUR.KZ. Президент еліміздің әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады, деп жазады Sputnik.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы Ақорда сайтында жарияланды.

"Қымбатты ханымдар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау шуақты көктем мерекесі әсемдік пен әдеміліктің, мейірім мен махаббаттың символына айналды. Халқымыздың "Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді" деген нақыл сөзінің терең мән-маңызы бар", - деді Президент.

"Әйелдер қауымы білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт, өндіріс пен құқық қорғау және басқа да салаларда табысты еңбек етуде. Мемлекеттік органдар мен ірі компанияларда басшылық қызмет атқаратын немесе бизнес саласында кәсібін өркендетіп жүрген әйелдеріміз аз емес. Қыз-келіншектер еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысуда. Өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісінде әйелдер айрықша рөл атқарады", - деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев асыл аналардың еңбегі қандай құрметке де лайық. Кез-келген істе әйелдердің кәсіби біліктілігі пен жауапкершілігі айқын аңғарылатынын айтты.
"Олар барлық ортада үндестік пен үйлесімді, өзара түсіністік пен татулықты нығайтуға ұйытқы болады. Біздің еліміз саяси өзгерістер мен жүйелі жаңғыру кезеңіне қадам басты. Осы орайда, әйелдер қауымының жасампаздық қасиеті мен күш-қуаты Жаңа Қазақстанның ілгерілеуіне септігін тигізеді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - деді президент.