Бұл туралы Мәжіліс отырысында айтылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінің отырысында «Қазақстан халқы» қоғамдық қорын құруды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Қазақстан — Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет. Мемлекет аз нәрсе тындырып жатқан жоқ. Республикалық бюджеттің 50 проценттен астамын әлеуметтік шығындар құрайды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бізде ұлттық қор бар, ол – еліміздің қаржылық тірегі. Бүгін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлемуеттік қорын құруды тапсырамын. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі», - деді Президент.