Президент коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді

0
1 750

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.


Президент коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді

Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парашасында жазды.


Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөнінде жиын өткізеді. Іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ, халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, аймақ әкімдері қатысады, - деп жазды Берік Уәли.