Президент ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

0
1 008

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Мәмиге тапсырма берді.


Президент ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысына биылғы бірінші жартыжылдықтағы елдегі Конституциялық заңдылықтардың сақталуын бақылау жөнінде мәлімет берілді. Кеңес төрағасының айтуынша, ел аумағындағы барлық іс-шаралар Конституцияға сәйкес өткізілген.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Мәмиге Конституциямыздың толық әлеуетін әлі де кеңірек қолдануға, азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылауды назарда ұстауға тапсырма берді.