Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұстаздар қауымына алғысын жеткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушыларды соңғы қоңырауымен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Құрметті түлектер! Баршаңызды бүгінгі ерекше жағдайда өтіп жатқан "соңғы қоңырау" күнімен құттықтаймын! Асыл армандарыңыз орындала берсін! Болашақтарыңыз жарқын болады деп сенемін!" - деп жазды Президент Твиттердегі парақшасында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұстаздар қауымына алғысын жеткізді.
"Жас ұрпақты ғажайып білім әлеміне жетелейтін ұстаздар қауымына қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамын!", - деп жазды мемлекет басшысы.