Тоқаев Мәдиев пен Өтеновті жаңа қызметке тағайындады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;
Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.