Президент Семейдің жолдары мен көпірін сынға алды

0
987

Президент мәседені тез арада шешуді талап етті.


Президент Семейдің жолдары мен көпірін сынға алды

Семей қаласындағы 3 көпірдің екеуі апатты жағдайда. Бұл жайында бүгін Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Қоғамды толғандыратын тағы бір мәселе - бұл Семей қаласының көпірлері мен жолдарының сапасы. Бүгінде қалалық үш көпірдің екеуі апатты жағдайда тұр», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ҚР Президенті қаладағы жолдардың 20 пайыздан астамының жай-күйі қанағаттанарлықсыз екендігін баса айтты.

«Осынау инфрақұрылымдық проблемалар шұғыл арада шешуде талап етеді», - деді Қ.Тоқаев.