Президент тергеудің әділ жүргізілетінін айтты.
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы қақтығысқа қатысып, қазір тергеліп жатқандардың ісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады 24.kz .
Президент тергеудің әділ жүргізілетінін айтты. Тіпті оны өзінің жеке бақылауына алмақ.
«Құзырлы органдар кінәлі адамдарды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде. Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі бас Прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз» – деді.