Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирус жұқтырды

0
666

Қанат Бозымбаев 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.


Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Қазақстан президентінің кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирус жұқтырды, деп жазады zakon.kz.

Осыған байланысты Қанат Бозымбаев еңбек демалысында.

"Президенттің кеңесшісі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың ПТР тесті оң нәтиже бергенін және қазір еңбек демалысында екенін растаймыз", - деп хабарлады сәрсенбіде ҚР президентінің баспасөз қызметі.

2024 жылғы 6 ақпанда мәжілісте Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жалпы отырыс өтіп, онда Олжас Бектеновтің кандидатурасы ҚР премьер-министрі қызметіне бекітілді. Бірақ бұл отырысқа төменгі палата төрағасы Ерлан Қошанов қатысқан жоқ. Кейін оның коронавирусқа байланысты еңбек демалысына кеткені белгілі болды.

Қанат Бозымбаев 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.