Президенттің сынынан кейін Астананы ауыз сумен қамтып отырған жалғыз су қоймасы тазартылатын болды

0
1 434

1970 жылы салынған Астана су қоймасына осы уақытқа дейін тазарту жұмысы жүргізілмеген.


Президенттің сынынан кейін Астананы ауыз сумен қамтып отырған жалғыз су қоймасы тазартылатын болды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Осы жылдың 11 шілдесінде Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған Президенттің тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана су қоймасын тазарту жұмыстарын жүргізуді қолға алды", - делінген хабарламада.

1970 жылы салынған Астана су қоймасына осы уақытқа дейін тазарту жұмысы жүргізілмеген. Ол – астананы ауыз сумен қатамасыз ететін жалғыз су қоймасы. Қойманың жалпы көлемі 410,9 млн текше метр. Қазіргі көлемі 312,36 млн текше метр.